{metadescription}
0:000:00
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер туындылары шетелдіктерді таңдай қақтыруда

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер туындылары шетелдіктерді таңдай қақтыруда

Жарымжан жандардың көз майын тамызып жасаған түрлі бұйымдарының ішінен, әсіресе, киізден тігілген шахмат ерекше сұранысқа ие. Бұл эксклюзивті туындының туристерді қызықтырғаны сонша, тапсырыстар көптеп түсіп жатыр.  

Мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосатын орталық бірнеше жыл бұрын ашылғанымен, оның жұмысы былтырдан бері жандана бастаған. Мұнда барлық жарымжан жандарға қолөнермен айналысуға мүмкіндік бар. Жастары ұсақ-түйек бұйымдар жасаса, ересектеріне жүктелетін тапсырма ауқымдырақ. Бұған дейін жануарлар терісінен түрлі естелік сыйлықтар жасағандар енді киізді қолданып жатыр.  

Андрей Геймбихнер, екінші топтағы мүгедек:

-Мен кәдесыйлар жасағанды ұнатамын. Әлбетте, кейбірімізге жұмыс істеу оңайға соқпайды. Бірақ көп қимылдаудың бізге де пайдасы бар. Мұндай жұмыстан шармамайсың, керісінше ләззат аласың ғой. Біз Тараздың тарихын танытатын дүниелерді жасағымыз келеді. Қолдан келгенше әрекет етіп жатырмыз.

Киізден жасалған бұйымдар да көпшілікті таңдай қақтыруда. Мәселен, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген мына дорба көздің жауын алады. Оған сұраныс көптеп түсіп жатыр. Ал ерекше ел назарын аударатын дүние – мына шахмат. Тақтайшасы мен барлық бұйымдары киізден. Орталық басшысының айтуынша, осы материалдан бұрын-соңды ешбір жерде шахмат жасалмаған. Сондықтан оны эксклюзивті туынды деп отыр. Ал оны көрген әрбір турист алмай кетпейтін көрінеді.

Севара Нуматова, нұсқаушы:

-Біздің шахматтар өте ерекше. Бұны қолдан жасап жатырмыз. Астанадағы көрмеге апарғанымызда Голландияның елшісі алып, оған ерекше қызығушылық  танытқан. Мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтты. Тағы тапсырыстар беріп кетті. Біз оған куанып қалдық.

Мүмкіндігі шектеулі жандар қолөнер туындысын жасауды үренуімен қатар табыс табуға мүмкіндік алуда. Яғни естеліктерді сатудан түскен пайданың белгілі бір бөлігі соларға беріледі. Ал орталық басшысы кәсіптерін одан әрі дамытуды көздейді. Осылайша, көне шаһарға келген туристерді естелік сыйлықтарымен тәнті ете бермек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде