{metadescription}
Алматыда ерекше кафе ашылды
Алматыда ерекше кафе ашылды

Алматыда ерекше кафе ашылды

Ақыл-есінің кемістігі үшін ата-анасы жетімдер үйіне өткізіп жіберген қыздар тағдырына мойымай, бірлесіп дәмхана ашты. Ауытқуы болғанымен, аяқ-қолы балғадай бойжеткендер өздері тамақ пісіріп, сау адамның қолынан келе бермейтін тәттінің түр-түрін әзірлеген. Сондағы армандары – мүгедектер үйінен кетіп, ел қатарына қосылу.  

Ойнап-күліп дастархан жайған бұл қыздарды ауру деп айтуға ауыз бармайды. Тек әрқайсысында «ақыл есі дамымаған» деген анықтамасы бар. Алайда соған қарамастан үшеуі жабылып дәмхана ашып, тағамның түр-түрін дайындаған. 

-Борщ готов! Клиенты, приходите, пробуйте нашу вкуснотищу!

Қыздар жетімдер үйінде тұрады. Сондықтан тек осында ғана өздерін емін-еркін сезінеді. Палау, сорпа, қуырдақ секілді астың түр-түрін әзірлейді. Десе де, келушілер әзірге аз екен. Өйткені клинеттердің көбі олардың денсаулық жағдайын көріп, теріс айналып кететін көрінеді.             

Полина Оразымбетова, интернат тәрбиеленушісі:

-Дөрекі сөйлейтін, тәрбие көрмеген, мейірімсіз адамдар кездеседі. Оларға мән бермеуге тырысамын. Жақсы адамдар да көп. Арманым – жұмыс істеп, ақша жинап, барша адамдар секілді өмір сүру.

Полинаны ақыл-есінің кемістігі үшін ата-анасы жетімдер үйіне өткізіп жіберген. Алайда жігерлі қыз мойымай, керісінше өз күнін өзі көруге тырысып жүр. Аздаған ақша жинаса, жетімдер үйінен кетпек. Полина секілді тағдыр тауқыметіне қарсы тұрғысы келетін әлі 400-дей адам бар екен.   

Гүлзира Амантурилина, «Элдани» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-Олар қауіпті емес. Олар да кәдімгі адам. Өмір сүргісі келеді. Еңбек етіп, ақша тапқысы келеді. Дәмхананы ашқан мақсатымыз да сол. Осы қыздарға көмектесіп, жаңа өмір сыйлау.

Ерекше дәмхананың ашылғанына небәрі үш күн болған. Сондықтан қыздар тағы клиенттердің келетініне сенімді. Тағамдары тойымды әрі арзан. Ал кафе іші қасығына дейін жалтыраған таза.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде