{metadescription}
«Петя» деген вирус әлемдегі банк біткенді тонап жатыр
«Петя» деген вирус әлемдегі банк біткенді тонап жатыр

«Петя» деген вирус әлемдегі банк біткенді тонап жатыр

Кілең алып компанияларды шабуылдаған бағдарлама компьютер атаулыны бұғаттап, бай-бағландарды жіпсіз байлап қойды. 

Вирус қорғаныс бағдарламасы ескірген компаниялардың компьютерлеріне кірген. Салдарынан маниторларда мынадай қып-қызыл бас сүйектер пайда болған. Өзін «Петя» деп таныстырған бұл вирусты әккі хакер ойлап тапқаны болуы мүмкін. Өйткені, оның шабуылына тап болған Ұлыбритания ауруханалары да, ресейлік фирмалар да тырп ете алмай отыр. «Петя», тіпті, Голландия, Франция, Данияға да тарап кетіпті. Мұны естіген қалған елдердің билігі қауіпсіздіктерін дереу тексеріп жатыр. Қызығы сол, вирус өзі шабуылдаған компанияларды бопсалап, 300 доллар төлемақы талап еткен.             

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде