{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысында атқамінер 3 жыл бойы жолды заңсыз жөндеуден өткізіп келген
Шығыс Қазақстан облысында атқамінер 3 жыл бойы жолды заңсыз жөндеуден өткізіп келген

Шығыс Қазақстан облысында атқамінер 3 жыл бойы жолды заңсыз жөндеуден өткізіп келген

Көкпекті ауданында екі ірі компанияның барына қарамастан, шенеунік шаруа қожалықтарымен келісіп, жолды жөндеу және тазарту жұмыстарын жүргізіпті. Олардың барлығы міндетін атқара алмай, өңірдегі жолдар қыста қар астында қалған болатын.

Прокурорлардың тексерісінен соң заңға қайшы келген 27 келісім-шарт пен әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 19 жағдай анықталды. Құрылыс, сәулет, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басышысы Мақсат Қапшықовтың мәселесі іскерлік этика кеңесінде талқыланды. Ол бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Бұл жолғы тексеріс нәтижесі бойынша оған 680 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жолдардың қысқы күтіміне бөлінген бюджет ақшасын дұрыс пайдаланбағаны үшін тағы 316 мың теңге айыппұл арқалады. Қапшықов сонымен қатар кәсіпкерлерден қомақты соманы қарызға алып, қайтармаған екен. Бір жарым миллион теңге тек құқық қорғау органдарына арыз жазылған соң қайтарылыпты. Енді Мақсат Қапшықовтың жұмыста қалу-қалмау мәселесі ертеңгі отырыста шешілмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде