{metadescription}
Алматыда Өркен Азаматұлын қасақана өлтіргендердің үкімі өзгерген жоқ
Алматыда Өркен Азаматұлын қасақана өлтіргендердің үкімі өзгерген жоқ

Алматыда Өркен Азаматұлын қасақана өлтіргендердің үкімі өзгерген жоқ

Он бір жасар баланы өлтіргендердің жазасы өзгеріссіз қалды. Алматы облысында Өркен Азаматұлының қазасына кінәлі деп танылған өгей анасы мен оның ересек балалары сотқа қайта шағым түсірген болатын. Тараптарды мұқият тыңдаған сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ал Өркеннің туған анасы кінәлілерді өмір бойғы жаза тартқыза алмағанына қапалы.

Естіген жұрттың жағасын ұстатқан ауыр қылмысқа қатысты апелляциялық сотқа кінәлілер тарапынан жоғын жоқтап келген бір де бір туысы болмады. Тек ұзақ жыл арқалағандардың адвокаттары ғана түрлі дәлел келтірген болып, қорғауындағыларды ақтауды сұрады.

-Айыптау үкімінің күшін жоюды, Муталипов осы көрсетілген қылмыстар бойынша кінә тағуға негіз жоқтығына байланысты ақтау үкімін шығаруды

11 жастағы Өркен Азаматұлы 19-шы қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Оның өлі денесі екі тәуліктен кейін Алматы іргесіндегі саяжайлардың бірінен табылған. Бейкүнә баланы қаскөйлер алдымен буындырып өлтіріп, артынан пышақтап тастаған. Жантүршігерлік жайтқа қатысты шешім шығарарада судья да көп ойланған жоқ. Жазаларын өзгеріссіз алдырды.

Мейрамбек Таймерденов, судья:

-Іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың негізі болмағандықтан, 2-ден 3 бөлігіне тағайындалған жаза жоғары болмау керек. Сол себепті біз мына тағайындалған жазаның мөлшерін азайтып отырмыз. Бірақ, 58 баптың 3 бөлігіне негізделе отырып, түпкілікті жаза сол бірінші сатыда қалған мерзімде қалып отыр.

Өркенді өлтіруге тапсырыс берген өгей анасы Шәрипа Ақбердиева – 25 жыл, оның ұлы Темір Ақбердиев – 23 жылға, қызы Айдана Ақбердиева – 16 жылға, өгей баласы Қадыржан Гулямов – 12 жылға және көлік тізгінінде болған Руслан Мүтәліпов – 17 жылға сотталған болатын. Ал алдыңғы сотта кінәлілерді өмір бойына қамата алмаған марқұм баланың туған анасы осы шешімге де ризамын дейді.

Айжан Қыдырмолданова, Өркен Азаматұлының анасы:

-Апелляциялық соттың шешімімен келісем. Тағайындалған жазаның бәрі сол күйі қалдырылды. Өмір бойына түрмеге қаматсам ба дегем. Бірақ, заң бойынша оған мүмкіндік жоқ екен.

Бұдан бұрын да айтылғанындай, қаршадай баланың қыршын кетуіне өшпенділік себеп болған. Ал осы қылмыстағы басты кейіпкер Шәрипа Ақбердиеваның апелляциялық шағымы кеш түсуіне байланысты тіпті қаралған да жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде