Мәжіліс кезекті сессиясының жұмысын қорытындылады
Төменгі палата мүшелері бүгін жазғы демалыс алдындағы соңғы жалпы отырысын өтікізіп, осы сессияда қабылдаған заңдарды түгендеп шықты.
Автор: Жәудір Оразхан
28.06.2017
Енді Парламенттің қос палатасы жұма күні бірлескен отырыс өткізеді де, кейін депутаттар жазғы каникулға шығады. Бірақ олар шетел, арал жағалап кетпес бұрын аймақтарды аралып, сайлаушылармен кездесуі тиіс. Ал биыл мәжілісмендер 84 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберген. 15 заң әзірлепті, оның 10-ы күшіне енген. Сондай-ақ, 16 үкімет сағатын және 40 отырыс өткіздік деп отыр.
Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:
-Ірі конституциялық реформа жүргізілді. Оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін біздің депутаттарымыз үлкен жұмысты атқарды. Нәтижесінде еліміздің Конститутциясына және басқа да маңызды заңдарға өзгерістер енгізілді. Сессия ашылғаннан кейін жалпы отырыстар және Үкімет сағаттарын біз онлайн режимде бүкіл республикаға көрсетілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!