Назарбаев Астанада жағажайлар салуды талап етті
Астаналықтар мен қала қонақтарының суға шомылып, демалатын орны болуы керек. Бүгін Су ресурстары комитетінің төрағасын қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев Елорда шетінде жағажайлар салуды тапсырды.
Автор: Досжан Маратұлы
28.06.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Біріншіден, су қоймасы, екіншіден Астана жұртының барып демалатын жері болуы керек. Қаланың төңірегінде суға түсетін жағажайлар ғана бар. . Орман отырғызып, қаланың түбінде. 500 миллион текше метр су болса өте үлкен ғой.
Қазір аптап ыстықта астаналықтардың Есілге шомылудан басқа амалы жоқ. Бірақ онда тұрғындар үшін жөнді жағдай жасалмаған. Сондықтан жұрт қаладан үш сағаттық жердегі Бурабайға барғанды жөн көреді. Бүгін ондағы туризмнің қалай дамып жатқанын Ақмола облысының әкімі де президентке баяндап берді. Мәлік Мырзалиннің сөзіне көңілі толмаған Елбасы курорттағы бағаның қызмет көрсету сапасына сай келмейтінін айтып отыр. Сондықтан ақысын туристер үшін қол жетімді қылуға пәрмен берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!