{metadescription}
Атышулы Мақсат Үсенов қайтадан қамауға алынды
Атышулы Мақсат Үсенов қайтадан қамауға алынды

Атышулы Мақсат Үсенов қайтадан қамауға алынды

Осыдан екі күн бұрын ғана абақтыдан босатылған бай баласы бұл жолы ұшақта темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ұшу қауіпсіздігін бұзды деген айып тағылып отыр.

Бүгінгі сотқа Мақсат Үсенов мәжбүрлі түрде жеткізілді. Өйткені ол шақыртуға құлақ аспаған. Сондықтан тәртіп сақшылары оны тек түстен кейін тауып келді. Мемлекеттік айыптаушы Үсеновті 15 тәулікке қамауды сұраған болатын. Алайда ол ұшақта шылым шеккенін мойындап, еш қарсылық білдірген жоқ. Сондықтан судья жазасын жеңілдетіп, он тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Ержан Алдабек, судья:

-Он признает вину. Как смягчающая обстоятельство. По данной статье ему назначено наказание в виде адм ареста сроком на 10 суток. Срока наказание исчислять 28-го июня 2017 года.

Алайда мұндай жазаға Мақсат Үсеновтің еті үйреніп кеткен сияқты. Себебі, ол бұған дейін де ұшақта шатақ шығарғаны үшін он күн абақтыға жатып шыққан болатын. Осылайша құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет ететін кіші Үсенов жазғы демалысының 20 күнін темір торда өткізуге мәжбүр болып отыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде