{metadescription}
Алматыда банк тонаған ұрыларға іздеу жарияланды
Алматыда банк тонаған ұрыларға іздеу жарияланды

Алматыда банк тонаған ұрыларға іздеу жарияланды

Алматыда банк тоналды! Екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының біріне қарақшы шабуыл жасап, 65 миллион теңгені алып кеткен. Ал осы оқиғаға қатысты ақпарат әзірге тым мардымсыз болып тұр.

Куәгерлер оқиға мына ғимаратта болған дейді. Олардың айтуынша, қарақшы тапаншамен қорқыту арқылы арам ойын іске асырыпты. Бірақ әзірге нақты қай мекеменің тоналғаны айтылмауда. Қазіргі таңда криминалдық полицияның із кесушілерінен құралған жедел топ, тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдіктінің кім екені және қылмыстың жай-жапсары анықталып жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Алматы қаласына қарасты Бостандық ауданы Айманов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында тонау дерегі тіркелген болатын. Нәтижесінде қылмыскер қомақты соманы қолды қылғаны анық болды. Дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191- бабы бойынша бірыңғай соталды регистрге тіркеліп қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде