BNP Paribas сұмдық қылмыс жасады деп айыпталды
Әлемдегі ең алпауыт банк Руандадағы бүтін бір тайпаның қырылып қалуына себепкер болды деген күдікке ілінді.
Автор: Аруна Ортай
29.06.2017
Яғни, әйгілі қаржы ұйымы Руанда үкіметіне қару-жарақ сатып алуға көмектескен болуы мүмкін. 94-шы жылы оны хуту тайпасындағылар қас жауы – тутсиге қарсы қолданған. Сөйтіп, геноцид жасаған. Сол кезде тау боп үйілген мәйіттердің көрінісі дүниежүзін дүр сілкіндірген еді. Десе де, BNP Paribas бұл айыптарды мойындамай отыр. Айтуынша, аударған қаржыны шенеуніктердің осылайша қолданатынын олар білмеген. Яғни, BNP Paribas берген 1 миллион 300 мың долларға 80 тонна қару-жарақ сатып алынып, соңында осындай сұмдықтар болған. Алайда алпауыт банктің ақталуына қарамастан Шерпа, Ибука Франс секілді беделді халықаралық ұйымдар оны сотқа сүйремек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!