{metadescription}
Үкім: Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті
Үкім: Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Үкім: Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты. Ғалымжан Жантөрин жігіттерді әскерден алып қалу үшін пара алды деп айыпталған болатын.

Алғашқыда оған қарамағындағы аудандық бөлім басшыларын қыспаққа алып ақша бопсалады, қомақты пара алды деген айыптар тағылды. Дегенмен, айғақтың жетіспеушілігінен біразы қысқарыпты. Соңында тек екі жігітті әскерден алып қалу үшін қызметін 40  мың теңгеге бағалағаны дәлелденген. Бұл ақшаны Ғалымжан Жантөринге Мұғалжар ауданындағы әріптесі жеткізген. Енді ол осы қылмысы үшін өмір бойына мемлекеттік қызметке жолай алмайды. Полковник шенінен де айрылып отыр. Әрі жемқор деген атаққа ие болған бұрынғы әскери бір ай ішінде 2 миллион теңге айыппұлды өтеп болуы тиіс.

Бекболат Тәжімұқан, Ақтөбе гарнизоны сотының судьясы:

-Жантөрин Ғалымжан Қуанышбайұлы қылмыстық кодекстің 366 бабы бірінші тарамағы бойынша алған парасынан 50 есе артық айыппұл төлеп, дүние-мүлкі тәркіленсін. Өмір бойына мемлекеттік қызметке тұру құқығынан да айырылсын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде