Ескерту: Жамбылдық полицейлер өзен-көлдерді тәулік бойы бақылауға көшті
Жамбыл облысының төтенше жағдай қызметкерлері дабыл қағуда. Бұған шомылу маусымы басталғалы бері ай өтпей жатып, 10 адамның суға кетіп өлуі себеп. Қаза тапқандардың сегізі – балалар. Қайғылы жағдайлардың жиілеуіне байланысты құтқарушылар жатпай-тұрмай өзен-көл жағалуларында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.06.2017
Ата-ана қарауынсыз жүрген мына балалар рұқсат етілмеген жерде шомылып жатқан екен. Төтенше жағдай қызметкерлері күнделікті рейд кезінде, ағысы қатты өзенге түсуге болмайтынын талай мәрте ескерткендерін айтуда. Бірақ, оқушылар оған мән бермейді. Оның соңы қайғылы аяқталып жатыр. Ал құтқарушылар өлім-жітімді болдырмас үшін, өзен-көлдің жағалауын күндіз-түні торуылдауға мәжбүр. Тіпті бұдан былай қауіпті жерлерде суға түскен балаларды бірден полицейлерге тапсыратын болды. Сөйтіп олардың ата-аналарын жауапқа тартқызбақ. Ал бұл тәсілдің қазірдің өзінде нәтиже бере бастағаны байқалады.
Вадим Галимулин, Тараз қаласының тұрғыны:
-Баламды әкетуге келіп тұрмын. Маған айыппұл салады ма, жоқ па, ол жағын білмедім. Үйге барған соң ұлыма шара қолданамын. Әлбетте балаларға қарау керек, олар біздің болашағымыз ғой. Бұдан былай бассейнге жіберемін. Бұл бізге үлкен сабақ болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!