{metadescription}
Үміт: Алматыда генерал Аманбаев өзін  босатуды  талап етті
Үміт: Алматыда генерал Аманбаев өзін  босатуды  талап етті

Үміт: Алматыда генерал Аманбаев өзін босатуды талап етті

«Қара генерал» ісі қайта қарала бастады. Алматыда қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев сотқа апелляциялық шағым түсірген.

Ол «ұйымдасқан топ құрып оны басқарды», «ірі көлемде пара алды», «қызметін асыра пайдаланды» және «ақша жымқырды» деген бірнеше бап бойынша айып тағылып, 14 жылға сотталған болатын. Тіпті атақ-даңқынан айырылып, бар дүние мүлкі тәркіленген. Алайда Әмірхан Аманбаев тағылған айыптың бір де біреуін мойындаған жоқ. Сондықтан ауыр жазамен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіріпті. Айта кетейік «қара генералмен» бірге тағы 35 адам сотталған болатын. Төрт ай бұрынғы сотта қылмыстық топтың заңсыз жолмен 19 миллиард теңге табыс тапқаны дәлелденген. Бұл қыруар қаржының бір бөлігі жалған фирмалардың есеп-шоттарынан табылды. Бұл аздай сотталушылардан зәулім сарайлар, элиталық пәтерлер, қымбат көліктер мен екі бірдей тікұшақ тәркіленген. Сондықтан бар мүлкінен айырылған 35 адамның бәрі апелляциялық сотқа арыз жазған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.