{metadescription}
Жанжал: Ақтөбедегі даудан соң елімізде трансплантация саны күрт азайып кеткен
Жанжал: Ақтөбедегі даудан соң елімізде трансплантация саны күрт азайып кеткен

Жанжал: Ақтөбедегі даудан соң елімізде трансплантация саны күрт азайып кеткен

Яғни, шудан кейін донарлар ағзасын кесіп беруге жүрексініп қалыпты. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрлігі сол олқылықтың орнын толтыру үшін  үгіт-насихатты күшейтті. Тіпті, ағзаға зәру науқастарды жинап, жұрттың жүрегін елжіретуге тырысты.

Елімізде қазір үш жарым мыңнан астам науқас ағза трансплантациясына мұқтаж. Бірі бауыр, енді бірі бүйрек пен жүрекке зәру. Ауыруы асқынса да ағзасын ауыстыру үшін жылдар бойы кезегін күтіп жүр.

Талғат Айнақұлов, науқас:

-Әр қоңырауды күнде күтіп отырамын. Донор табыла  ма деген үмітпен. 11 жыл болды екі операция өттім. Ендігі үмітім тек қана жүрек ауыстыру. 4 балам бар соны өсіру керек.

Бірақ, мұндай науқастарға донорды табу үлкен мұң болып тұр. Оның үстіне елімізде ағзасын бөліп бергісі келетін қайырымды жандардың саны екі есеге азайып кеткен. Бұған Ақтөбедегі трансплантация дауы да себеп болыпты. Яғни, дәрігерлер қайтыс болған 22 жастағы Серікболсын Көшербайдың қос бүйрегін туыстарының рұқсатынсыз сойып алып, науқасқа салып берген еді. Кейін арты дауға ұласып, марқұмның жақындары сотқа жүгінген болатын.

Болат Баймаханов, Ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры:

-Осындай трансплантация туралы жағымсыз жаңалықтар донорларға ауыр тиеді. Осылай жалғаса берсе, елімізде ағзасын бөліп бергісі келетін адам қалмай қалуы мүмкін. Біз мұны өзіміз үшін емес, адам өмірін сақтап қалу үшін істеп жатырмыз.

Өмір үшін күресеміз деген дәрігер сол үшін бүгін донорлықтың маңызы туралы айтып берді. Тіпті, сырқат жандарды жинап, жұрттың жүрегін елжіретті.

-Қалай жеткізерімді де білмеймін. Халыққа да жеткізе алыңыздаршы. Өйткені, мен елестете алмаймын балама не болушы еді. Бір емес, екі балам ауырып тұр.

Дәл осылай ағза трансплантациясын қажет ететін науқастардың көбіне бүйрек қажет. Қалғаны бауыр, жүрек пен өкпеге мұқтаж екен. Енді оларға сәті түсіп  донор табылғанша кезегін күтуге тура келеді. Бірақ Ақтөбедегі даудан кейін дәрігерлерге сенімді қайтару қиынға соғатын түрі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде