{metadescription}
Отандық программистер халықаралық деңгейге  шықты.
Отандық программистер халықаралық деңгейге  шықты.

Отандық программистер халықаралық деңгейге шықты.

Бүгін Астанада еліміздегі ең үздік мамандар Сингапурдың ірі IT-компаниясымен бірге әзірлеген инновациялық жобаларын таныстырды.   

Ернұр Әлиев, «Smart Zholy» конкурсының финалисі:

– Біз порт контейнерлерге байланысты өзіміздің жобамызды ұсындық сол жерде. Бірақ оларға ұнады біздің жобамыз.  Сосын соңына дейін жеткізген жоқпыз. Яғни 2 аптаның ішінде біз оны ойлап тауып кеткенбіз.

Қазақстандық мамандар жаңа жобаларын өзге мемлекеттерде жүзеге асырады және оны сынақтан өткізеді. Яғни, отандық программистерге   шетелдік сарапшылар кеңес беріп, қолдау көрсетпек. Ал жас мамандарға осындай мүмкіндік беріп отырған Тұңғыш президент қоры. Қор биыл «Smart zholy» бағдарламасын дайындап, соның аясында Қазақстандағы ең талантты қыз-жігіттерді жинаған. 

Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

-10 команданы жібердік Сингапурға. Бүгінгі таңда сол балалардың жұмыстарының нәтижесінің 50 пайызы қолданды. Бұл жаңағы медицина саласында 4 жоба  және де осы порттық жұмыстарында 1 жоба қолданды. Бұл алғашқыдан осы балалардың өз-өзіне сену, өзінің жаңағыдай мүмкіншіліктерін елге таныту және де еліміздің өзіміздің бизнесмендерге осы жаққа былайша айтқанда аттың басын бері жаққа бұру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.