Алматыда автобус жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр
Соңғы үш күнде осы саладағы 500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай шараның жүргізілуіне жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзатыны, сөйтіп, қаншама жолаушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні себеп. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жол апатына ұшырауы да жиілеп кетті.
Автор: Аида Мағыпар
30.06.2017
Қазір халықтың қоғамдық көлік жүргізушілеріне деген наразылығы өршіп тұр. Өйткені олардың жол ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай тудыруы жиілеп кеткен. Соңғы 5 айдын ішінде қоғамдық көліктің қатысуымен 78 жол апаты тіркелсе, сонын 57-сіне осы автобус жүргізушілері кінәлі. Өйткені олар үнемі жоспар қуып, жарысып жүреді.
Тура жол ортасында жолаушыларды түсіріп-мінгізудің автобус жүргізушілері үшін қалыпты жағдайға айналғаны қашан. Тіпті жаз шыққанда есіктерін ашып қоятындар да бар. Ал қоғамдық көліктегі мәдениет мәселесін айтпасақ та болады. Жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі, тізгінде отырып темекі шегуі, ұялы телефонмен сөйлесуі, қалай болса солай тоқтауы бүгінде ешкімді таңғалдырмайтын болған.
Еркін Өтегенов, Алматы қалалық ІІД ӘПБ бастығының орынбасары:
-Бір бағыт бойынша ғана автобус жүргізушісі 11 рет жол ережесін бұзды. Сөйтіп, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Біз бұнда әлі қауіпсіздік белдігін тақпағаны мен қоғамдық көліктін ішінде темекі шеккенін қоспадық.
Алайда жүргізушілердің бұның барлығына айтар уәждері бар болып шықты. Олар ережені сақтамауға жолдағы кептеліс пен бекітілген жоспар себепші деп ақталуда.
-Бір жерде жәй кетіп бара жатсан, қатты айда дейді .Қатты барып передниға жетсен жәй жүр дейді мысалы. Звондап тұрады ғой главны -дан. Ей алдын деген мысалы пробкада тұрасын, тұрасын. Алдын деген ашылып кетеді, бас дейді. Басып қалсан передниға жетесін.Енді жай жүр дейді.
Бірақ заң алдында бұның бәрі жол ережесін бұзуға себеп бола алмайды. Сөйтіп, Ішкі істер департаменті жүргізген жедел алдын-алу шарасы барысында қоғамдық көліктердің 511 жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Яғни бәріне айыппұл салынды. Сондай-ақ, жол сақшылары алдағы уақытта аялдамаларға бақылау камераларын орнатамыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!