Өскеменде 17 жасар студент қыз жоғалды
Туыстарының айтуынша, Виктория Первухина алты күн бұрын әдеттегідей жұмысқа кеткеннен ізім-қайым жоқ.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
30.06.2017
Марина Первухина, Виктория Первухинаның әпкесі:
-Виканың жігіті жоқ. Өйткені ол көбіне оқуға ден қоятын. Бос уақытының бәрін сабағына арнаушы еді. Жаз кезінде жұмысқа тұрып, қосымша табыс тауып жүрген.
Жұмыстағылардың айтуынша, бойжеткен онда барғанымен, артынша сұранып кетіп қалыпты. Қайда, не мақсатпен кеткенін ешкімге айтпаған. Туыстары тәртіп сақшыларына хабарлаған екен, бірақ олардан да әзірге мардымды хабар жоқ. Анасының айтуынша, мінезі тұйық қызының өштесердей жаулары болмаған. Викторияның туыстары енді оны табуға жұрттан көмек сұрап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!