{metadescription}
Алматыдағы Қарғалы өзені  арнасынан асып жатыр
Алматыдағы Қарғалы өзені  арнасынан асып жатыр

Алматыдағы Қарғалы өзені арнасынан асып жатыр

Төтенше жағдайлар қызметінің осы суперқондырғылары іске қосылғанша, Алматыдағы Қарғалы өзені тағы да арнасынан асып жатыр. Бұл жолы топан судан Алатау ауданындағы саяжай тұрғындары зардап шекті.

Кешегі жауын-шашыннан кейін өзен деңгейі көтеріліп, он шақты ауланы су басып қалған. Ал төтенше жағдай қызметкерлері арықтың айналасын дереу құм толтырылған қаптармен бекітіп беріпті. Бірақ жергілікті жұрт мәселені бұлай уақытша шешіп қоюға болмайды дейді. Өйткені осыдан үш жыл бұрын ғана өзен арнасы бекітілген. Алайда бюджеттің миллиондары жұмсалған құрылыс сапасыз жүргізілген. Ал мердігер мекеме банкротқа ұшырап, жабылып қалыпты. Сондықтан жыл сайын топан судың астында қалатын саяжайшылар өзен арнасын қайта қалпына келтіріп беруді талап етіп отыр.

Екатерина Бестаева, саяжай тұрғыны:

-Соңғы бір айда екінші рет су астында қалдық. Осыдан 20 күн бұрын ауламызды су басып қалған еді. Кеше тағы да өзен деңгейі көтеріліп, бау-бақшам балшыққа айналды. Әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар келіп суды сорғызып берді. Бірақ бұл уақытша ғана. Тағы да жауын жауса қайтадан топан сумен алысамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде