Алматыға енді селден келетін қауіп сейіледі
Бүгін осылай деп мәлімдеген төтеншеліктер таудағы өзен-көлдерді бақылайтын мықты қонырғыға сеніп отыр. Ол құрал су тасқынын алдын-ала сезіп қояды.
Автор: Аруна Ортай
30.06.2017
Қорап секілді қондырғы бірден көзге ілінбейді. Есесіне, ол айналадағының бәрін бақылап отыр. Таудағы температура сәл көтерілсе болғаны, ол дереу құтқарушыларға белгі береді. Электр қуатын қажет етпейтін құрал, осылайша, сел жүру қаупін алдын-ала ескертіп отырады. Күн көзінен қуаттанатын қондырғы тіпті желдің бағытын да есептейтін көрінеді. Ол мұздықтарды қадағалауға аса қажет екен. Алматының таулы аймағында 36 көл болса, соның 9-ынан қалаға қауіп бар. Тасқын келгенде тосылып қала беретін төтеншеліктер ақыры осы қондырғыларға тапсырыс беріпті. Бұл шаруаны атқаруға бюджеттен 81 миллион теңге жұмсалған.
Олег Зыкин, бас инженер:
-Мониторинг жүйесі қауіпті деп саналатын тау көлдеріндегі судың деңгейін тәулік бойы өлшеді. Ауа қысымы мен температура туралы сәт сайын мәліметтер жіберіп отырады. Алда апаттардың алдын алуға бұл таптырмас мүмкіндік деп есептеймін. Сақтансаң, сақтайды деген осы болса керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!