Оралда жаңа туылған шақалақты жертөлеге тастап кеткен көкек ана ұсталды
Төрт күннен бері қала аумағы мен барлық ауданды шарлап шыққан тәртіп сақшылары 1996 жылы туылған қызды қолға түсірген.
Автор: Диас Нұрақын
30.06.2017
Еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін безбүйрек ана баласын қаладағы перзентханалардың бірінде босаныпты. Алайда оң жақта отырып жүкті боп қалған қыз әке-шешесінен қорқып, нәрестені құрылыс алаңына тастап кеткен. Осыдан кейін өзі алыс аудандардың біріне барып, үй-ішіне қонаққа кеттім деп өтірік айтқан. Қазір баласынан жеріген анадан жауап алынуда. Егер оның кінәсі дәлелденсе ірі көлемде айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Ал туа бітті тастанды атанған бейкүнә сәби балалар ауруханасындағы дәрігерлердің қолында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!