{metadescription}
Демалыс: Депутаттар жазда қайда демалмақ?
Демалыс: Депутаттар жазда қайда демалмақ?

Демалыс: Депутаттар жазда қайда демалмақ?

Депутаттар көптен күткен жазғы демалысқа кетті. Бүгін парламенттің қос палатасы бірлескен жиын өткізіп, жылдық жұмыстарын қорытындылады. Депутаттар екінші сессияда Конституцияға өзгеріс енгізіп, тарихта қалды. Жалпы 84 заң жобасын қабылдапты. Енді халық қалаулылары алдымен аймақтарды аралап, кейін шетел асып демалуға кетпек.

-Жылда депутаттар бұл күнді асыға күтеді. Шаршап-шалдығып жазғы демалысқа әрең жеткен халық қалаулылары бүгін балаша мәз. Ал қызыл көйлектерін киген қыз-келіншектер тіпті бірлескен отырысқа емес, тура мерекелік кешке келгендей.

Әдетте, депутаттар жалпы жиындарда министрлерді үнемі тоқпақтап, сынап жатады. Бірақ бүгін премьер Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері бар ренішті ұмытып, қос палатаны демалысқа шығарып салуға  түгел келген. Сонымен, екінші сессияда депутаттар жүзге жуық заң жобасын қабылдапты.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Екінші сессияда қос палатасының екі бірлескен отырысы, Мәжілістің 38 және Сенаттың 25 жалпы отырысы өтті. Бұл кезеңде Парламент қарауында 111 заң жобасы болды. Оның 84 қабылданды. Олардың ішінде 15 заң жобасына біздің депутаттардың өздері бастамашы болды. Парламент қабылдаған 66 заңға бүгінгі күні президентіміз қол қойып, олар өз күшіне енді. 

Енді Мәжілістің осы сессиясындағы даулы оқиғаларға тоқталсақ. Ең белсенді депутат Мұхтар Тінекеев депутаттық мандатынан айырылды. Ол арақ толы үстел басында Қарағанды қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойды тоқпақтап жатқан видео әлеуметтік желіге  тарап кеткен соң орнын босатты. Оқулықтардағы қатеге қатты ашуланған Бекболат Тілеухан Білім министрімен шекісіп, Ерлан Сағадиевті тіпті жекпе жекке шақырған болатын. Ал депутаттар бүгін жылдық жұмыстарын небары жарты сағатта қорытындылады. Кіре берісте журналистер депутаттардың жазғы каникулды қалай өткізетіндерін сұрап еді, кейбірі ашулы. 

Ерболат Мұқаев, Сенат депутаты:

-Сол 84 заңның ішінде 10 заң Сенаттан Мәжіліске қайтарылды.

-Мен енді айтып жатырмын ғой. Қисынсыз сұрақ қоясыз.

Ал Мәжіліс төрағасының орынбасары  Владимир Божко шекара асып, емделмек. Вице-спикер сырқаттанып қалыпты.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Әрине, демаламын. Шетелге шипажайға барамын, денсаулығым сыр беріп жүр. Емдік су ішуім керек. Ол біздің елде жоқ. 

Олимиада чемпионы Серік Сәпиевтің депутат болғанына енді төрт ай толған, ол әлі жұмыстан жалықпапты.   

Серік Сәпиев, Мәжіліс депутаты:

-Жұмыс ұнайды. Үнемі қандай бір қағаздарды оқисың. Спорттан да басқа салалармен таныстым. Жазда Алматыға барып, демаламыз. Әйеліме тауды көрсеткім келеді.

Депутаттар демалысқа кетпес бұрын аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесуі тиіс. Кейін көбі шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ. Ал каникулдан оралған соң олар жаңа сессияда салық, сақтандыру жүйесі, тұрғын үй агроөндіріс кешені, валюталық бақылау сынды 27 заң жобасын қарайды.

Ал әзірге Сенат пен Мәжіліс ғимараты уақытша босап қалды. Енді депутаттар жұмысқа қыркүйекте оралады. Оған дейін министрлер де біраз тынығып қалатын болды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде