{metadescription}
Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды
Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды

Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды

Мемлекеттік құпияны таратқан Майлыбаев 5 жыл темір торда отырады. Бүгін Астана соты Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасарына осындай жаза кесті. Сондай-ақ оның бар мүлкі де тәркіленіп, енді ешқашан мемлекеттік қызметке араласа алмайды.

Ал 41 жастағы Бағлан Майлыбаевтың сыбайласы Николай Галихин ауыр жазадан құтылып кетті. Мемлекеттік құпияны таратқаны дәлелденген ол 4 жыл шартты жаза алды. Ақорданың ішкі саясатына жауапты болған Галихин де бұдан-былай билікке мүлдем жоламауы тиіс. Атышулы процестің жабық өткенін ескерсек, бұрынғы лауазымды атқамінерлердің жасырын деректі кімдерге бергені де белгісіз. Еске салсақ, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Майлыбаев 12-ші қаңтарда қызметінен босатылып, екі күннен кейін қамауға алынған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде