Елімізде жас ғалымдар мектебі ашылды
Қазақстанда алғаш рет жас ғалымдар мектебі ашылды! Елдің түпкір- түпкірінен жиналған ізденушілерді бір арнаға біріктірген Тұңғыш президенті қоры болып отыр. Бес күн ішінде білім нәріне сусындап қайтқан 50 қатысушыға шеберлік сыныптары өткізіліп, өз идеяларын қалай сату және қалай ұсыну керектігі үйретілді.
Автор: Аида Мағыпар
03.07.2017
Білім жолын қуған дарындылар қызу да ,тартымды ойларын ортаға салып тәжербиелерімен алмасты.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жас ғалымдарға жазғы мектеп ашу ойы осыдан екі жыл бұрын айтылған. Енді, міне, сол ойды жүзеге асырдық деп отыр. Олар осы 50 қатысушыны әр аймақтан тандап алған болатын.
Сухраб Жапаров, Тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты:
-Бұл шараға қатысып отырғандардын барлығы ғылыммен шындап айналысатындар. Жас ғалымдар кеңесі анағұрлым болашағы бар, талантты, жастарды арнайы тандап алды.Бұл жазғы мектепте алған білімін алдағы уақытта өз жобасында қолдана алады деген үміт бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!