{metadescription}
​ Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аудара бастады
​ Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аудара бастады

​ Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аудара бастады

Жаңа жоба шілденің 1-інен бастап іске қосылса да, ел ішінде түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша емдеу мекемелеріне тіркеу үшін Алматыда арнайы акция да ұйымдастырылған.

Қоғамда көп талқыға түскен міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры туралы денсаулық сақтау министрінің өзі бастап ел ішінде тынбастан түсіндіріп жүр. Қазірдің өзінде жергілікті емханаға тіркеліп үлгергендердің қарасы көп.

Дария Тауыпалды, Алматы қаласының тұрғыны: 

-Мен жеке емханалардың біріне барып тіркелдім. Үйіме жақын болғандықтан барып-келу оңай. Жекеменшік клиникалардан сапалы қызмет алуға болады. Әрі кезек күтіп уақыт жоғалтпайсыз. Оған қоса, кей қызметтері мемлекет тарапынан төленетін болды.

Ережеге сай, халыққа медициналық көмектің екі пакеті ұсынылады. Бірі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын базалық пакет. Ол баршаға қолжетімді. Екіншісі, азаматтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы арқылы жүзеге асатын медициналық көмек. Ал азаматтардың қорға аударатын жарнасы жыл сайын өзгеріп отырмақ.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Заң бойынша бұл мерзімдер бәрі бекітілген. Жыл сайын өзгерістер болады, оны заңнан көруге болады. Жалпы келешекте, соңғы нәтижелерге қарасақ, бес пайыздан болады. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар қосылғанда бес пайыз болады. 

Оның екі пайызы жұмысшы, қалған бөлігін жұмыс беруші төлейді. Еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы қаласында арнайы акция ұйымдастырылып, қала тұрғындарын жергілікті медицина мекемелеріне тіркеу қарқынды қолға алынған.

Жанар Кенжебаева, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

-Қаңтардың басында бізде 1 миллион 710 мың адам тіркелген болса, бүгінге дейін тағы 71 мың тұрғынды тіркеп үлгердік. Олар негізінен қаламызда уақытша тіркеуде тұрғандар. Емдеу мекемелерінде тіркеуге тұру әр азаматтың қай санатқа жататынын анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, 14 санаттан тұратын қоғам өкілдері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған. Одан бөлек, 1-шілдеге дейін тіркеліп үлгермегендер үшін еш қауіп жоқ. Емдеу орындарында тұрғындарды тіркеу тұрақты жүргізіле беретін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде