{metadescription}
Астана іргесіндегі орманға еліктер әкелінді
Астана іргесіндегі орманға еліктер әкелінді

Астана іргесіндегі орманға еліктер әкелінді

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев орманды жаяу аралады. Жылда осы уақытта Астана іргесіндегі «жасыл белдеуге» баратын президент мұнда алқаптың қалай өсіп жатқанын көріп, оған аң-құстарды жіберді.

Елорданы жағалай мыңдаған гектарга созылған орман – Елбасының төл туындысы. Сондықтан қауырт жұмысқа қарамастан жылда осында келіп, «жасыл белдеуді» аралайды. Бас қаланы жел мен бораннан қорғауы тиіс оның көлемі қазір 15 мың гектар. 2020 жылға қарай оны тағы 5 мыңға өсіру жоспарланған. Әрі орманда аң-құстарды көбейту үшін бүгін қырғауылдар мен еліктер белдеуге жіберілді. Одан бөлек, мұнда қоян, түлкі мен құстың сан түрі бар. Бұл ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан, аңшылық жасауға қатаң тыйым салынған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Мына жер өзі құрғақ дала, шөл мен шөлейттің ортасында тұрған кезде орманды тұрғызу өте оңай емес. Енді қазір орманның ішінде елдер серуендеп демалатын болады.Неше түрлі аң-құстарды жіберіп жатырмыз. Жеміс жидекті де өсірдік. Елдің демалатын жері, Астананың өкпесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде