{metadescription}
Назарбаев Ресей мен Украинаны қайта татуластырмақ
Назарбаев Ресей мен Украинаны қайта татуластырмақ

Назарбаев Ресей мен Украинаны қайта татуластырмақ

Қазақстандағы  уран сақтайтын халықаралық қойманың ашылатын күні белгілі болды. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының жанынан  құрылған банк 29 тамызда ресми түрде іске қосылады. Бұл туралы бүгін Ақордада   дипломатиялық миссия басшыларымен кездесу барысында Елбасының өзі мәлімдеді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елшілермен бірге әлемдегі саяси дағдарыс пен түрлі қақтығыстар жайын талқылады. Әсіресе, президент Ресей мен Украинаны бір үстел басында кездесіп, татуласуға   шақырды. Ал Қазақстан  екі ел арасындағы келіссөзді  ұйымдастыруға дайын. 

Нұрсұлтан Назарбаев сәті түссе, әлемдегі араз мемлекеттердің барлығын татуластыруға дайын. Бүгін Ақордаға шетелдік дипломаттарды шақырып, арнайы жиын өткізген Елбасы  халықаралық  деңгейдегі  саяси дағдарыстарды  шешудің тиімді жолдарын атады.

Президент, әсіресе, Ресей мен Украина арасындағы жағдайға ерекше алаңдап отыр. Ресми Мәскеу мен Киевтің арасынан «қара мысық өткелі»  Еуропа мен Ресей бір-біріне түрлі санкцияны жиілетті. Мұндай  шектеулер араз елдің ғана емес, жалпы әлемдік экономиканың дамуына кедергі келтіреді, - деді Назарбаев. Сондықтан, Елбасы  Ресей мен Украинаны келіссөзге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-События на юго-востоке Украины привели к резкой конфронтации и неконструктивной публичной полемике между всегда близкими странами, какими являются российско-украинские народы. Это вызывает сожаление у всех друзей и этих народов, и честно говоря, у меня особенно. Мы призываем стороны начать серьёзный диалог для снятия возникших вопросов. Альтернативы этому нет.

Яғни, Қазақстан Ресей мен Украинаны да татуластыруға дайын. Олар тіл табысса, Ресей мен Еуропа арасындағы қарым-қатынас та жақсарады.  Сонда бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған лаңкестік, экстремизм және экономикалық дағдарысқа қарсы  күресуге де мүмкіндік туады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Убежден, что время требует от нас единства, политической воли, решительных действий для продления непредсказуемости, критически расшатавшее сегодня международный статус-кво.

Әлемде саяси тұрақсыздық орнаған  тұста  Қазақстанның  ядролық қарудан бас тарту туралы  ұснысы да өзекті болып отыр. Еліміз бұл бастаманы  әріқарай дамытпақ. Дүние жүзіндегі артық уранды сақтауға арналған  қойма салу үшін Өскеменнен арнайы жер бөлген. Бүгін Президент    Үлбі металлургия зауытының жанынан құрылатын банктің ашылатын күнді атады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-29 августа этого года, в Международный день действий против ядерных испытаний, мы запланировали в Астане проведение юбилейной сессии Пагуошского движения ученых по ядерному разоружению, посвященной 60-летию этого движения. В этот день состоится церемония открытия первого в истории Банка низкообогащенного урана МАГАТЭ на территорий Казахстана.

Салтанатты жиынға МАГАТЭ мүшелері арнайы келеді. Айта кету керек, қоймадағы уран  әлемедгі  атом электр станцияларында  ядролық отын тапшы болған жағдайда ғана пайдаланылады. Яғни қару-жараққа қолдануға тыйым салынған. 

Сондай-ақ, президент бүгін Қазақстанның сыртқы саяси жоспарымен де бөлісті. Еліміз алдымен АҚШ, Түркия және жақын мемлекеттермен  қарым-қатынас, сауда-саттықты дамытпақ. Сириядағы сойқанға қатысты Астана келіссөзі жалғасады. Және Ауғанстанға да  маман даярлау, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру ісіне көмектеспек. Ал шетелдік дипломаттарды президент Қазақстанға инвестоларды  тартуға шақырды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде