{metadescription}
Шымкентте полицейлерді сабаған жігіттер қамауға алынды
Шымкентте полицейлерді сабаған жігіттер қамауға алынды

Шымкентте полицейлерді сабаған жігіттер қамауға алынды

Шымкентте ішіп алып полицейлерді соққыға жыққандар қамауға алынды. Жуын жұдырықты үшеу енді он жылға дейін сотталуы мүмкін. Айта кетсек, аталған қалада мас күйінде көлік айдап жүргендерді тоқтатқан полицейлерді қымбат машина мінген үш сыныптас соққыға жыққан еді. Тіпті, погондарын жұлып, формасын жыртып қинапты. Көп ұзамай ұсталған үшеудің Өзбекстан тумалары екені және олардың екеуінің Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды.

Оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні болған. Жүргізушісі ішкен болуы мүмкін деген күдікпен, Мерседес көлігін полицейлер тоқтатпақ болған кезде қымбат көлік мінгендер қаша жөнеліпті. Қала шетіне тоқтаған көліктің ішінен үшеу шығып, артынан жеткен 2 полицейді тепкінің астына алған. Осының кесірінен погондар жыртылып, формалары қанға боялған.

-Мынаның астының бәрі, арқамның бәрі быт-шыт болды. Бұлар ма саған атылған? – Міне мына екеуі, әне үшіншісі әне.

30 және 20 жастағы қос полицей ұзақ таяқ жер ме еді, тек артынан жеткен екі экипаждағы полицейлер, үшеуді әупірімдеп жүріп, байлап тастаған. Билік өкілдерін тепкілеуге күші жеткендер тек өз істерін бірден мойындамағанымен, олар жасаған әрекет видеоға түсіп қалған болып шықты.

-Қол көтерген жерім жоқ.  Жоғей братан, мені жыртып тастады.

-Ей!

-Көрдің ба боқтап жатқанын.

-Дырылдатпасаңызшы. Мен телефонымды тауып алайыншы. Телефонды тауып алайын да еу. Телефон қай жақта е!

Қарсылықпен медицина сараптамасына әзер жеткізілген үшеудің де ішімдіктен әбден сілтегені анықталды. Ал, соққыға жығылған полиция старшинасы мен сержанты жұмыстарын жалғастырып жатыр. Денсаулықтарына қаншалықты зақым келгені әлі тексерілуде.

Жандос Сұлтанов, Еңбекші аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы:

-Біз ол бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алайда, полиция қызметкерлеріне келген дене жарақаттары бойынша қазіргі уақытта олар өз қызметтерін атқарып жүр. Так, бұл 3азаматта бір-бірімен сыныптастар, 87 жылғы азаматтар. Екі азамат ҚР азаматтығын алған. Ал, біреуі Өзбекстан республикасының азаматы.

Полицейлерді соққыға жыққан үшеу қазір тергеу абақтығыснда жауап беріп жатыр. Погондылар оларға қатысты 2 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Өткен іске өкінетінін айтқанымен полицейлер үшін жуан жұдырықтыларды жазалау ардың ісі болып тұр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.