Алматыда банкке қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
Ұры алыстан келмейді. Алматыдағы «Альфа Банктің» кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті. Ұсталғандардың бірі Максим Бескишкин «Альфа Банктің» қызметкері екен. Оған сыбайласы Иван Жуковпен бірлесіп банк тонады деген айып тағылып, екеуі де екі айға қамауға алынды.
Автор: Диас Нұрақын
03.07.2017
Естеріңізге салсақ, осыдан бес күн бұрын Алматыдағы «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан «Альфа Банк» кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Қаскөйлер автотұраққа күзетсіз шыққан кассирдің маңдайына тапанша тақап, 65 миллион теңгені алып кеткен. Қазір ұрланған ақша толық тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іске тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!