Астанада Сирия үкіметі мен қарулы оппазиция бетпе-бет жүздесті
Астанаға Сириядағы сойқанға қатысты келіссөзге қатысып жатқан тараптар түгел келді. Бүгін Сирия үкіметі, қарулы оппозиция өкілдері және кепіл беруші мемлекеттер бетпе-бет жүздесті.
Автор: Жәудір Оразхан
04.07.2017
Бірақ жиындардың барлығы жабық есік жағдайында өтті. Бүгін Иран мен Сирия үкіметтерінің өкілдері кездесіпті. Астана процесінің 5-раундына қарулы оппозицияның 9 өкілі келген. Және АҚШ пен БҰҰ-ның өкілдері бақылаушы ретінде қатысуда. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, процеске қатысушылар бүгін ЮНЕСКО-ның қорғауындағы тарихи, мәдени құндылықтар қойылған аймақтарды бомбалауды тоқтату мәселесін талқылауда. Ал бұған дейінгі кездесуде тараптар төрт деэскалациялық аймақ құру туралы шешім қабылдаған болатын. Ертең сол аймақтардың шекарасын анықтайды.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Ертең Астанада Сирияға байланысты Астана процесінің келесі кездесуі өтеді. Астанада осыдан бұрын мамыр айында қол жеткізілген қақтығысты бәсеңдету аймақтарына байланысты меморандумды іске асыру жөнінде келіссөз жүргізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!