{metadescription}
Ақтөбеде дүлей дауылдан зардап шеккендерге өтемақысыз қалуы мүмкін
Ақтөбеде дүлей дауылдан зардап шеккендерге өтемақысыз қалуы мүмкін

Ақтөбеде дүлей дауылдан зардап шеккендерге өтемақысыз қалуы мүмкін

Ал ақтөбелік шенеуніктер дүлей дауылдан келген шығынды есептеп үлгермей жатыр. Оны анықтаған күннің өзінде тұрғындарға тигізер пайдасы аз. Өйткені табиғат апаты кезінде ақшалай көмек көрсету қарастырылмаған. Ал, кран құлап, баспанасы бүлінгендер кешелі бері әлі қаңғып жүр. Үйлерін жөндеп береміз деген әкімдіктегілер мен құрылыс компаниясының өкілдері мұнда әлі жолай қоймаған.

-Құдай сақтасын, құдай сақтасын. Сколько это 50. Пісімілә, пісімілә. Вот смотрите что творится в городе. Все летит на стройке.

Түрлі мессенджерлер арқылы ел аумағына лезде тарап кеткен мына видео авторы долы дауылдан аман қалғанына қуанады. Себебі, кран кабинасының әйнегін жел ұшырып, кабинаның өзі теңселе жөнелген. Апаттың төтеннен болғаны соншалық, онда жұмыс істеп отырған Меңдібай Молдагереев, жерге түсіп үлгермей қалған.

Меңдібай Молдагереев, кран жүргізушісі: 

-Отыз жылда бәрін көрдік. Но кешегі желді таң қалдық. Внезапно келді. Менде елу болды анимометр. Енді елуден асып жатыр. Көп тұрды стрелка серікіріп тұрғаны.

Жылдамдығы секундына елу метрге жеткен желге Меңдібай мінген кран шыдас бергенімен, оның өзге құрылыс компаниясындағы әріптесінің көтергіші көпқабатты үйге қарай құлады. Соның кесерінен ондағы үш пәтердің тұрғыны қаңғырып қалды. Бір түнде баспаналарының бүлінген жерін бүтіндеп береміз деген әкімдіктегілер мен құрылыс компаниясының өкілдері содан кейін мұнда ат ізін салмаған.

Айсұлу Айжарыққызы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Біз кешеден бері далада жүрміз. Түнде тоғызда кірдік. Былай қарағанда балаларымызды бәрін қаңғытып қойды. Комиссия әлі келген жоқ. Кешеден бері біз комиссияны күтудеміз. Даже вот стройтельный компания комиссия создовать етілмеген соң үйіміздің ішінің жағдайын да қараған жоқ.

Шенеуніктер быт-шыт болған балконнан бастап, бүлінген дүние-мүлікті үйді жанай құлаған кран иесі, яғни құрылыс компаниясы қалпына келтіретінін айтады. Ал дауылдан келген қаладағы басқа шығынды есептеп үлгермей жатыр екен. Ең алдымен көшені шашылған қоқыс пен тал-теректен тазартуымыз керек дейді жергілікті билік өкілдері.

Нағымжан Алдияров, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазір мына құлаған талдарды шығару, түскен арыздарға байланысты жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні қала тұрғындарынан 21 арыз-шағым түсіп, толығымен жұмыстар жүргізілді. Шығын бойынша комиссия оны қарастыруда. Әрмен қарай комиссия қарап шешетін болады.    

Дүлей дауылдан келген шығынды әкімдіктегілер анықтағанымен, оның пайдасын көретін тұрғындар жоқ. Себебі, төтенше оқиға кезінде ғана қаржылай қолдау көрсетіледі. Ал табиғат апаты кезінде әркім өз күшіне сенеді екен. Сондықтан ақтөбеліктер жел ұшырған дүниесін даулай алмайды. Ал бүлінген көліктері үшін жүргізушілер сақтандыру компанияларының көмегіне жүгінуі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде