{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың ең көрікті жерлерін жаяу аралап шықты
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың ең көрікті жерлерін жаяу аралап шықты

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың ең көрікті жерлерін жаяу аралап шықты

Елбасы Елорданың символына айналған «Бәйтеректен» бастап Есілдің жағалауындағы демалуға арналған орындарға  барып,  жұртпен жүздесті. Президенттің мереке алдындағы көңіл-күйі көтеріңкі. Назарбаев  жолда  кезіккен  әншілермен  бірге ән шырқады, сурет салды, тіпті би де биледі.

Нұрсұлтан Назарбаев ескертусіз, аяқасты бас шаһарды аралауды әдетке айналдырған. Президент Астана күні мен өзінің туған күні қарсаңында  да қасына қала әкімі Әсет Исекешев пен әкімшілік жетекшісі Әділбек Жақсыбековты ертіп,  шаһардағы адам көп жүретін орындарды көруге шықты. Елбасының анда-санда осылай қала ішінде жаяу жүретініне жұрттың көзі үйреніп қалған сыңайлы. Президентті көрген үлкендер амандық сұрасуда,  ал  балалар  Назарбаевты туған күнімен жамырай  құттықтап жатты.    

-Ата, туған күніңізбен! Мейрамыңызбен!

Мемлекет басшысы  қала ішіне саяхатты жақында ғана қайта жөндеуден өткен «Бәйтеректен» бастады. Ең жоғарғы қабатына көтеріліп,  өзінің алақан ізі басылған тасқа  кішкентай қонақпен бірге қолын  қойды.

-Елім менің аңсаған Тас бұғаудан босаған.

Жалпы, көшеде  ешкім Елбасын  бос жібергісі жоқ.  Бірі  президенттің қолын алуға ұмтылса, енді бірі баласының аузына түкіруді сұрап жатты.

- Аузына түкіріп жіберіңіз ...

«Бәйтеректен» шыққан Назарбаев «Нұр жол» бульварындағы  көрікті жерлерді аралады.  Кейін Есілдің жағасында жаңадан ашылған «Арбатқа»  келді.  Мұнда киіз үй тігілген және қолөнер бұйымдары сатылады.  Президент әр шебердің бұйымын тоқтап қарап, ерекше қызығушылық танытты. 

-Мына сырмақты өздерің жасадыңдар ма?

Елбасы жолында кезіккен өнерпаздарды да  назардан тыс қалдырмады. Қылқалам шеберлерімен бірге сурет салды. Әншілерге қосылып  ән шырқады. Ал музыканттарды көргенде қарап тұра алмай, би биледі.

Назарбаев қаланы қас қарайғанша аралады. Күн батқанда жұртпен бірге ән салып, би билейтін субұрқақты тамашаларды.

Мемлекет басшысының  Астанадағы қос   мерекеге дайындыққа  көңілі толған сынды. Елбасы шаһар тазалығы мен сәулетіне  қатысты  ешкімге ескерту жасаған жоқ.  Айта кету керек, ертең күллі Қазақ елі Елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнін  қатар тойлайды. Президент биыл 77 жасқа толады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.