{metadescription}
Оралда жертөледен табылған нәрестені туған әкесі бауырына басқысы келеді
Оралда жертөледен табылған нәрестені туған әкесі бауырына басқысы келеді

Оралда жертөледен табылған нәрестені туған әкесі бауырына басқысы келеді

29 жастағы жігіт сүйіктісінің сәбиді құрылысы жаңа біткен үйдің ең астыңғы қабатына қалдырып кеткенін ғаламтор арқылы білген.

Қазір өзі мұнай өндіретін компанияда вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр. Ол жаққа аттанбас бұрын азаматтық некедегі келіншегі перзентханада босанғанда жанында болыпты. Бірақ 21 жастағы безбүйрек ана оның вахтадан оралуын күтпестен өзге біреумен қол ұстасып кете барған. Аяғына оралғы болмас үшін бауыр еті баласын далаға тастап кетуден тайынбапты. Қазір осы қылығы үшін келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, ол тергеушілерге күйзелісте болдым деп ақталып әлек. Онысын дәлелдеу үшін психологиялық орталықта тексеруден өтіп жатыр. Ал туа сала тастанды атанған сәби қазір жетімдер үйінде. Мамандар оны бірден туған әкесіне бере алмайтындарын айтады. Ең алдымен ет жақын туысы екенін дәлелдеу керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде