{metadescription}
Астанада тараптар тағы Сирияға қатысты келісімге келе алмады
Астанада тараптар тағы Сирияға қатысты келісімге келе алмады

Астанада тараптар тағы Сирияға қатысты келісімге келе алмады

Астанада Сирия дағдарысы бойынша келіссөздердің бесінші раунды аяқталды. Күні бойы мәжіліс залынан шықпаған делегаттар, ақыры  қауіпсіз төрт аймақтың шекарасын бекітіп, қарулы оппозицияның бетін бері қаратқан сыңайлы. Жиын өткен жерден қазір тілшіміз Азамат Алдоңғаров студиямен тікелей байланысқа шығады.

- Күн ұзаққа созылған келіссөздер осы сағатта қортындыланып жатыр. Негізгі отырыстардың өздері жабық есік жағдайында өткендіктен, ақпарат тым жұтаң. Бір анығы, Ресей, Түркия және Иран Сирияның қарулы оппозициясын үш жақтап өз дегеніне ақыры көндіргендей. Келіссөздің бесінші раунды, осыдан 2 ай бұрын таңдалған Идлиб, Хомс, Шығыс Гуте және Сирияның оңтүстігінде оқ атуды тоқтатуға арналды.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Қатысушылардың екі жақты кездесулері өтуде. Негізгі тақырып Сириядағы қауіпсіздік аймақтарының шекараларын белгілеу.

Алайда диалогқа алаң ұсынған қазақстандық тараптың жоспары күн ұзаққа бірнеше құбылды. 4-те басталуы тиіс сессия бірнеше сағатқа кешігіп, жетіге таман басталды. Сириядағы қақтығыс бойынша Астана осымен 5 рет, Женева 6 рет келіссөздерге алаңын ұсынды. Халықаралық сарапшылар, оның ішінде Сирияның ұлттық бітімге келуіне жауапты министрі Әли Хайдар Қазақстан астанасының әлдеқайда тиімді екенін айтады. Бесінші раундтан кейін шамалы болса да, бейбітшіліктен үміт бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде