Шымкенттің өз «Астанасы» бар
Бүгін Шымқала жұрты «Астана» есімді керіктің туған күнін тойлады. Зообаққа жиналған тұрғындар жануардың 7 жасқа толуын ерекше атап өтіп, тіпті арнайы сыйлықтар әкелген.
Автор: Бек Әбиев
06.07.2017
Ұлжан Рүстем, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Керігімізге көкөністер беріледі. Ол көкөністердің арасына қызылша, сәбіз, қырыққабат қарбыз жатады. Бүгін оған торт жасап жатырмыз.
Алайда «Астана» өзіне арнайы жасалған тортты ұната қоймады. Есесіне жұрт тарту еткен қараталдан буылған букеттерді қомағайлана жеп жатыр. Елорда күнінде туылған керік 6 жыл бұрын Алматы зообағынан 5 миллионға жуық теңгеге сатып алынған болатын. Содан бері жыл сайын оның туған күніне сыйлық жасап, төл мерекесін тойлау Шымкент зообағының үрдісіне айналған. Бұл жолы да жұрт оңтүстіктегі жалғыз керікпен суретке түсіп, кішкентай балалар ойнап мәре-сәре болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!