{metadescription}
Венесуэлада тағы да қырғын болды
Венесуэлада тағы да қырғын болды

Венесуэлада тағы да қырғын болды

Бүгін тәуелсіздік күнін тойлап жатқан Венесуэлада тағы да қырғын болды. Бұл жолы президент Николас Мадураның жақтастары парламент ғимаратына басып кіріп, халық қалаулыларын соққыға жыққан.

Алдымен Ұлттық ассамблея алдына жиналған жұрт қолдарына сойыл алып, депутаттарға тап берді. Басы жарылып, қан-жоса болған парламент мүшелері ешқайда қашып құтыла алмапты. Өйткені бас-аяғы 350-ден астам азамат ғимарат ішінде қамалып қалған. Сондықтан оларды Ұлттық гвардия сарбаздары басбұзарлардан арашалап қалды. Айта кетейік, 2015 жылғы сайлаудан кейін Ұлттық ассамблеяның, яғни парламент мүшелерінің басым бөлігі  оппозиция өкілдерінен құралған. Олар соңғы бірнеше айдан бері Николас Мадураны тақтан тайдырып, қайта сайлау өткізуге күш салып жатыр. Ал оған президент жақтастары үзілді-кесілді қарсы. Осылайша билік пен оппозияция арасындағы саяси алауыздық кесірінен соңғы үш айда елде тұрақсыз жағдай орнап, соның салдарынан 80-ге тарта азамат қаза тапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде