{metadescription}
Еуропадағы ең ірі банктердің бірі қызметкерлерін жаппай қысқартып жатыр
Еуропадағы ең ірі банктердің бірі қызметкерлерін жаппай қысқартып жатыр

Еуропадағы ең ірі банктердің бірі қызметкерлерін жаппай қысқартып жатыр

Қайтпаған несиенің салдарынан қыруар шығынға батқан қаржы ұйымы осылайша өзін құтқарудың амалын жасауда.   

Әлемдегі ең көне банк саналатын италиялық «Монте дей Паски» бақандай 29 миллиард еуро шығынға батқан екен. Қайтпаған несиенің көлемі осыншама қаржыны құраған. Одан бөлек банк тағы 9 миллард еуро капиталдан қағылыпты. Италия үкіметі қаржы ұйымына жаны ашып, 5,4 миллиард еуро ақша бөлген. Алайда оның өзі көмектеспеген. Салдарынан, таяқтың ұшы қызметкерлерге де тиіп отыр. Өйткені, Еуропадағы ең мықты банктердің бірі – бірден 5 жарым мың қызметкерін қысқарту жөнінде шешім қабылдады. Одан бөлек басқа елдердегі 600 бөлімшесін жауып, топ-менеджерлердің жалақысын азайтпақ.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде