{metadescription}
Жапония жұрты алапат су тасқынынан зардап шекті
Жапония жұрты алапат су тасқынынан зардап шекті

Жапония жұрты алапат су тасқынынан зардап шекті

Тоқтаусыз жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, жарты миллионға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге шығаруға тура келген. 

Жапонияның оңтүстігін топан су басты. Тасқын тас жолдар мен тұрғын үйлердің тас-талқанын шығарды. Тал-терек пен электр бағаналарын қиратып, тіпті зәулім ғимараттар су астында қалған. Табиғи апат салдарынан жарты миллионға жуық жапон үйлерін тастай қашты. Жұртты жаппай эвакуациялаған құтқарушылар су әлі жетпеген елді мекендерді де көшіріп жатыр. Қаза тапқандар жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Ал қауіпсіз жерге көшіп үлгере алмай қалғандар шатырға шығып құтқарушыларды күткен.  

Ясуси Кайивара, Жапония метеорологиялық агентігінің өкілі:

-Мұндай жауын-шашын бұрын болмаған. Ахуал нашарлап барады. Жағдай аса қауіпті. Су тасқыны күшейе түседі деген қауіп жоқ емес. Сондықтан сақтық шараларын күшейту қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде