Ливияның Бенгази қаласы лаңкестерден толық азат етілді
Үш жылдан бері «Ислам мемлекеті» мен «Әл Қаида» содырларымен соғысқан үкімет әскерінің өкілдері бүгін жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Автор: Диас Нұрақын
06.07.2017
Алайда осы аралықта 5 мыңнан астам жауынгер қаза тапқан екен. Ливия ұлттық әскерінің қолбасышысы бұдан былай Бенгазиде тыныштық орнайды деп сендіруде. Тіпті қираған ғимараттар мен инфрақұрылым қайта қалпына келтірілмек. Сондықтан үш жыл бойы соғыстан көз ашпаған халық бұл тарихи күнді қуанышпен атап өтуде. Естеріңізге салайық, Ливиядағы азамат соғысы 2011 жылы басталған болатын. Содан бері елдің бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің жақтастары мен ұлттық әскер арасындағы қақтығыс тыйылмай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!