Спорт: Астана күні мерекесінде жүздеген ақтөбелік велошеруге шықты
Өзге өңірлердегідей емес, мұнда Ақтөбе қаласының әкімінен басқа шенеуніктер вилосипедке жолаған жоқ.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.07.2017
Ең қызығы, былтырғы мейрам кезінде дәл осы қала басшысы Ілияс Испановқа велосипед табылмай, шараға қатыса алмаған еді. Бұл жолы шенеунік көлігін ерте сайлапты. Жұрт қатарлы он шақырым жол жүріп, алдыңғы сапта келді. Велошеруге қатысқандардың дені – жастар. Зейнеткерлер арасынан тек Қасым Коновалов қана велосипедін тақымдаған. Шаруа қожалығын басқарып отырған азамат машинасы бола тұра, күнделікті өмірде қос дөңгелекті көлігінен түспейді. Онысы денсаулыққа да пайдалы, мал қайырып келуге қолайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!