{metadescription}
Мәлімдеме: Назарбаев Астана әуежайының өзінің есімімен аталғанына қарсылық танытпады
Мәлімдеме: Назарбаев Астана әуежайының өзінің есімімен аталғанына қарсылық танытпады

Мәлімдеме: Назарбаев Астана әуежайының өзінің есімімен аталғанына қарсылық танытпады

Астана күнімен қатар Нұрсұлтан Назарбаев та туған күнін тойлап жатыр. Бүгін Елбасы 77 жасқа толды! Сондықтан Қазақстан президентінің телефонында тыным жоқ. Әлемнің түкпір-түкпірінен Ақордаға да  құттықтау хаттары да әлі ағылып келіп жатыр. Ал қос мереке қарсаңында "Ресей-24" арнасына сұхбат берген Назарбаев астананы  арқа төсіне үлкен қарсылыққа қарамастан қалай көшіргенін тағы еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Если бы я сомневался, эти все соратники сильно стали бы сомневаться, тогда бы ничего не было. Конечно, когда поставил вопрос на голосовании парламента, сомневающихся очень много было. Даже поначалу считали, что я шучу с этим. Что я хочу развлечь их и шучу. Но когда поняли, что шутки нет, посчитали, что: «Давайте проголосуем, когда это будет? Это будет минимум через 40 лет, а в то время нас, депутатов, здесь не будет». И проголосовали. А спустя 3,5 года эти же депутаты на поезде, как на целину, с чемоданами, "под мухой", приехали в Астану в морозный декабрьский день 1997 года.

Табиғат аясында ағынан жарылып сұхбат берген президент  қу тақыр жерден Астананы қалай тұрғызғанын айтты. Барлық ғимараттың сызбасына араласқандықтан  Елбасы қаланың бейресми сәулетшісі деген атаққа да ие болды. Бірақ бұндай батыл қадамның  геосаяси тұрғыда да дұрыс қабылданған шешім болғанын уақыттың өзі дәлелдеп беріп отыр. Бүгінде сәулеті келіскен шаһар 1 миллионға  жуық тұрғын шоғырланған ірі мегаполиске айналды. Сондықтан 6 шілде Астана күні мен Назарбаевтың туған күні егіз ұғымға айналған. Мемлекет басшысы Елорданың әр бұрышын, көшесін,  нысандарын жатқа біледі. Ал шетелдік арнаға көсіліп сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайын өз атымен атауға қатысты  да пікірін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Это не моя инициатива. Я всегда против этого. Постоянно это возникает. Наверное, люди оценивают, и я благодарен за это, что видят проведённую работу. Любой политик, лидер государства должен сохраниться в истории своими делами. Это вопрос грядущих поколений, а не нашего. Потому что лицом к лицу лица не видно. Я часто вспоминаю, по-моему, высказывание Марка Аврелия, великого императора Рима и философа, который много сделал для расширения Римской империи, ему говорили, почему у тебя до сих пор нет памятника, ты заслуживаешь. А он отвечал: "Не хочу, чтобы спрашивали люди, чей это памятник. Пусть после меня люди скажут: почему ему памятника нет?».  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.