Тарих: Астананың бүгіні мен өткені
Дүркіреп тойы өтіп жатқан Астана небары 19 жасқа толғанымен, оның елорда атану тарихы тереңде. Яғни егемендік алып,экономика шатқаяқтап тұрған тұста бас қаланы Ақмолаға ауыстыру идеясын президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын.
06.07.2017
Бірақ мұны, президенттің өзі айтқандай, кейбіреулердің аса жақтырмағаны анық. Депутаттар тарапынан да қарсылық көп болды. Алайда алған бетінен қайтпаған Елбасы 1994 жылы 6-шы шілдеде, яғни өз туған күнінде Жоғарғы кеңестен елорданы Алматыдан Ақмолаға, яғни бұрынғы Целиноградқа көшіруге келісім беруді сұрап келді. Ол бірнеше сағаттық дауға созылып, кейін Назарбаевтың туған күнін ескерген депутаттар ұсынысты ақыры заңмен бекітіп беруге келіскен. Құжат 1997 жылы қабылданып, бір жылдан кейін Ақмола атауы Астана деп өзгерген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!