Маңғыстау облысында адасып кеткен бүлдіршін бір тәуліктен кейін аман-есен табылды
4 жастағы Айгүл Тәжімұратты әкесі мал іздеуге өзімен бірге алып шыққан екен. Алайда қаршадай қыз жол-жөнекей көлік ішінде ұйықтап қалған. Айгүлдің ұйқысын қимаған әкесі оны оятпастан көлікте қалдырып, өзі жоғалған ірі қарасын іздеп кетіпті. Қайтып келсе қызы жым-жылас жоқ.Ал оны іздеуге тікұшақ пен 200-ге тарта адам тартылды. Олар түні бойы жақын маңдағы ауыл-аймақ пен ой-қырқаны түгел шарлап шыққан. Нәтижесінде жоғалған қыз таңға жуық 12 шақырым жерден дін аман табылды. Оның қараңғыда қорықпай тым алысқа ұзап кеткеніне құтқарушылар да таң қалып отыр.
Автор: Диас Нұрақын
10.07.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!