{metadescription}
Түркияның тағы бір министріне Еуропаның есігі жабылды
Түркияның тағы бір министріне Еуропаның есігі жабылды

Түркияның тағы бір министріне Еуропаның есігі жабылды

Бұл жолы Австрия ішкі қауіпсіздікті сылтауратып, Түркияның саясаткерінің елге келуіне тыйым салып тастады.     

Түркиядағы саяси ахуалды алға тартқан Австрия бұдан былай экономика министрін қабылдаудан бас тартты. Яғни, Нихат Зейбекчиге Австрия аумағына өтуге ресми түрде тыйым салынған. Өткен аптада ғана Голландия Түркияның премьер-министріне осы тәсілді қолданған еді. Яғни, Бинали Йылдырымды өз елдерінде енді көргісі келмейтіндіктерін саясеткердің өзіне тіке айтқан. Ал бұған дейін Голландия Түркияның бірқатар министріне саяси үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салып тастаған-тын. Олардың пікірінше, Анкара Ердоғанның билігін кеңейте отырып, үлкен қателік жасаған. Сонысымен, еуропалық елдерге жақпай қалған.           

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде