Ирак әскері тұңғыш мәрте әндетіп, биледі
Мосул қаласын лаңкестерден толық азат еткен жауынгерлер жеңісін ұлан-асыр қуанышпен атап өтуде.
Автор: Аруна Ортай
10.07.2017
Хас жауын қаладан қуып шыққан Ирак әскерінің қуанышында шек жоқ. 9 айға созылған шайқас ақыры үкіметтің қарулы күштерінің жеңісімен аяқталды. Жүрек жұтқан жауынгерлерді құттықтауға осы елдің премьер-минстрі әрі бас қолбасшысы Хейдар әл-Абадидің өзі келді. Өздеріне «Ислам мемлекеті» деп ат қойып алған содырлар Мосулды ақыры тастай қашты. Ал біраз уақыт лаңкестердің астанасы боп келген қаладан түк қалмаған. Мәліметтер бойынша содырлармен болған соғыста 4 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ал соңғы ұрыста көз жұмғандардың сүйегі көшелерде әлі жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!