{metadescription}
Астанада «Экспо» көрмесіне келген қонақтардың саны  миллионға жетті
Астанада «Экспо» көрмесіне келген қонақтардың саны  миллионға жетті

Астанада «Экспо» көрмесіне келген қонақтардың саны миллионға жетті

Бір айда  бір миллион! Бүгін ұйымдастырушылар алғашқы 30 күннің  нәтижесін жариялады.

Бейбіт Қарымсақов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры:

-Біздің жоба бойынша ертең түс ауа көрмеге миллионыншы көрермен келеді. Бұл келіп жатқан адамдар Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарынан. Біздің есеп бойынша көрмеге 130 мыңнан астам шетел азаматы келді.

Яғни, «Экспо» көрмесіне бір ай ішінде 920 мың адам келсе, соның небары 14 пайызы ғана шетелдіктер. Қалғаны өзіміздің аймақтардан келген қонақтар. Олардың басым бөлігін қалашықтың басты ғимараты шар іспеттес «Нұр әлем» көбірек қызықтырған. Оған бірнеше сағат кезекке тұрып әрең кіресің. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрмедегі түрлі келеңсіз оқиғаларды да жасырмады. Яғни, «Экспо» ашылғалы 10-нан астам қылмыс болыпты. Олардың барлығы ұялы телефон, әмиан секілді бағалы заттарды ұрлау дерегі. Оның үстіне қалашықта баласынан көз жазып қалатындар көп екен.

Рүстем Шәкенов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Қауіпсіздік департаментінің директоры:

-Жақында бір италиялық жұп 2 жастағы баласын «Экспо» қалашығында қалдырып, өздері үйге қайтып кетіпті. Сәбиді тәртіп сақшылары  тауып алған. Сөйтсе ерлі-зайыптылар көрменің қызығына түсіп,баланы ұмытып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде