{metadescription}
Кек: Көкшетауда өнімнің сақтау мерзімін қолдан өзгерткен жұмысшылар жұмыстан қуылды
Кек: Көкшетауда өнімнің сақтау мерзімін қолдан өзгерткен жұмысшылар жұмыстан қуылды

Кек: Көкшетауда өнімнің сақтау мерзімін қолдан өзгерткен жұмысшылар жұмыстан қуылды

Ғаламторды шарлап кеткен көкшетаулық 3 жүк тасушының бейнежазбасының соңы үлкен дауға ұласты. Бейнежазбада қоймадағы жұмысшылар дайын өнімнің этикеткасын қолдарымен жапсырып, сақтау  мерзімін жаңалап отырғаны көрсетілген. Осы жағдайдан кейін өндірушілер  видео авторларын жұмыстан шығарып жіберіпті. Ал, тексеріс жүргізген санитар дәрігерлер томаттың сапасының нормаға сай еместігін анықтап отыр.

Даудың басы болған мына бейнеролик Алматыдан Көкшетауға көкөніс өнімдерін жеткізетін серіктестік қоймасында түсірілген. Сауда орындарына тарататын компанияның 3 жүк тасушысы томат пасталарының қалбырына су жаңа этикеткалар жапсырып отыр.

-А мы вот гавно переклиеваем короче. Сейчас его переклейм и он будет у нас с сегодняшнего дня выпуска еще год можно продавать!

Алайда, бейнежазбада аты аталған компания өкілдері, қасақана арандатушылыққа барды деп авторларды кінәлап отыр. Жұмысшылар қолданған бір бума қаптаманы ескі жапсырмалар деп ақталды. Ал, видео авторлары іле-шала жұмыстан қуылған.

Лейла Губаль, ЖШС директоры:

- Бейнежазбаны көрісімен ол үшеуін шақырып алдым.Ештеңе айта алмады. Олардың не үшін бұлай істегенін білемін. Бір күн бұрын оларға жалақысының 20 пайызын кесіп тастайтынымды ескерткен едім. Олар сол үшін өшігіп істеді. Жұмысқа арақ ішіп  келген, қойма меңгерушісін тыңдамаған болатын.

Осынау бейнеролик ғаламторда жарияланысымен, санитар дәрігерлер бірден тексеріске кірісіпті. Жүргізу керек қос сараптамының бірінен белгілі болғандай, аталмыш өнімнің химиялық құрамы дұрыс емес. Сондай-ақ, СЭС мамандарының рұқсаты алынбағаны белгілі болған.

Әсел Исенова, Көкшетау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы :

-Тауар сақтайтын қойманы тексерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық рұқсаттары жоқ болып шықты. Режим сақталмаған. Томат пастаның санитарлық химиялық құрамына сараптама жасағанда қышқылы тиісті мөлшерден жоғары екені анықталды.

Санитар дәрігерлер томаттан алынған сынама әлі толық тексеріліп болған жоқ,- деп отыр. Сондықтан да бұл тауарлар еш кедергісіз сатылымға шығарылуда. Сараптамалар толық жүргізіліп болған соң, жауапкершілік деңгейі анықталмақ. Ал басы дауға қалған компания басшылары экс-жұмысшыларының үстінен сотқа шағым түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде