Айып: Тоқтар Төлешов түрмеден тағы сотқа жеткізілді
Сотталып кеткен олигарх Тоқтар Төлешов енді Шымкент қалалық сотында да жауап беретін болды. Осыған дейін қылмыстық топ құрды, «адам ұрлау және өлтіру, тіпті саяси төңкеріс жасамақ» болғаны үшін 21 жыл арқалаған шымкенттік бизнесмен, енді экономикалық қылмыстар жасады деп айыпталып жатыр.
Автор: Бек Әбиев
10.07.2017
Яғни, тергеу мәліметінше, Төлешов «салықтан жалтару», «бухгалтерлік есеп-қисапты дұрыс жүргізбеу» және «ірі көлемде пара беру» секілді қылмыстарға барған. Сыра королімен бірге тағы 8 адам айыпталуда. Кейбірі оның қоластында бұрын жұмыс істеген қызметкерлер болса, көпшілігі салық органдарының лауазымды тұлғалары. Бүгін осыған қатысты белгіленген сот отырысы, екі айыпталушының қорғаушысы келмегендіктен кейінге шегерілді. Ал Төлешовтің адвокаты клиентін кінәсіз деп отыр.
Мархабат Жақыпова, Тоқтар Төлешовтің адвокаты:
-Салықты өзгертіп, пара беріп отырды дейді. Бірақ зауыт директорының салық инспекторына пара тасыды деген ақылға сыймайтын нәрсе. Айыптау ісіне куәлік етіп, Төлешовке қарсы куәлік берік жатқандар да оның қоластында істеген азаматтар. Салық декларациясын төмендетіп немесе өзгерткен де өздері ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!