Еліміздің кәсіпорындары төртінші жаңғырту – инновацияға көшуге дайын
Шетелдік әріптестерімен біріккен отандық ғалымдар енді ел бойынша фабрикаларға жаңа технологияларды енгізуге кіріспекші.
Автор: Досжан Маратұлы
11.07.2017
Ноу-хау әзірге Астанадағы ірі және орташа кәсіпорындарға орнатылмақ. Кейін жаңа технология өзге де өндіріс орындарына жетеді. Мұндай инновация жұмысты жеделдетіп қана қоймай, табысты да арттырады. Әзірге еліміздің кәсіпорындары дамыған елдермен салыстырғанда it технология жағынан артта қалып келеді. Оның үстіне құрылғылар да әбден ескіріп, мамандар тапшы. Сондықтан германиялық және қазақстандық мықты ғалымдардың басын қосқан Тұңғыш президент қоры өндіріс орындарын жетілдіруді қолға алып отыр.
Мейрамбек Жапаров, Тұңғыш президент қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі:
-Метталургия мен IT-ді қолдансақ, онда не болады? Метталургия алға шығады. ІТ болғаны үшін. Индустрия 4.0 деген ұғым шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!