{metadescription}
Путинді өлтіргісі келген қазақстандық азамат Ресей басшысынан рақымшылық жасауды сұрады
Путинді өлтіргісі келген қазақстандық азамат Ресей басшысынан рақымшылық жасауды сұрады

Путинді өлтіргісі келген қазақстандық азамат Ресей басшысынан рақымшылық жасауды сұрады

Илья Пьянзин өзінің кінәсіз екенін және бұл ісі үшін өкінетінін айтқан. Ал мұндай қылмысты ол сыбайластарынан қорыққандықтан жоспарлапты.

32 жастағы отандасымыз 2012 жылы Украинада ұсталған еді. Үш адамнан құралған топ сол кезде Ресей премьер-министрі болған Владимир Путинге қастандық жасауды жоспарлайды. Бірақ жарылғыш заттары өздері жасырынып жатқан пәтерде уақытынан бұрын іске қосылған. Біреуі сол жерде қаза тауып, екеуі ұсталды. Ал 2013 жылы сот  Илья Пьянзинды 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Самар облысының қатаң режимдегі түрмесінде жазасының жартысынан көбін өтеген отандасымыз Ресей басшысы рақымшылық жасаса уақытынан бұрын бостандыққа шығуы мүмкін. Қазір оның өтінішін арнайы комиссия қарап жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде