{metadescription}
Атырау өңірінде тұрғындар дала өртін өз күштерімен сөндіруге мәжбүр
Атырау өңірінде тұрғындар дала өртін өз күштерімен сөндіруге мәжбүр

Атырау өңірінде тұрғындар дала өртін өз күштерімен сөндіруге мәжбүр

Тіпті тілсіз жауды ауыздықтау үшін түнде кезекке тұруға тураыкеліпті. Өздерінің бұл әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге салған олар, тиісті орындардан көмек сұрап отыр.

Мына бейнеролик Индер ауданында түсірілген. Ауыл маңына қатты жақындап келген өртті сөндіру үшін тұрғындар қолда бар құрал-сайманды пайдаланып жатыр. Дала өртінен индерліктер ғана емес, Қызылқоға ауданының да халқы зардап шегуде. Олар да қол қусырып қарап отырмай, өртті өз беттерінше сөндіруге кіріскен. Ал төтеншеліктердің айтуынша, бұл – жергілікті тұрғындардың азаматтық міндеті көрінеді. Оның үстіне осы жұмысқа жергілікті әкімдік тікелей жауапты екен. Дегенмен, құтқарушылар да қарап қалмай, мүмкіндігінше қол ұшын созып жатырмыз деп отыр. Айтуларынша, тіпті өртке оранғалы тұрған қыстақтардағы малшыларды аман алып қалыпты. Жалпы, дала өртінен Атырау облысында 60 мың гектарға жуық жер зардап шеккен.

Замир Бердашев, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Халық неге қатыспайды? Енді қарап тұрмайды ғой. Министрдің бұйрығы бойынша, дала өртін тек жергілікті атқару орны сөндіреді. Олар функционалдық лаузамдарына кіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде